«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы сатып алуды ұйымдастыру және келісім-шарттар мониторингі бөлімінің бас маманы

"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Түркістан өндірістік филиалы Түркістан қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
374

   Конкурс туралы

Құрметті ізденуші!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
  3. Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.

Міндеттері:

Құрылымдық бөлімшелер-әкімшілер 1С сатып алу бағдарламасында сатып алу жоспарын(ларын) қалыптастыруды, сондай-ақ оған бюджеттік жоспарлау хаттамаларының негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұйымдастырады.
Тиісті шешім болған жағдайда Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына және қоғамның орындауы үшін міндетті уәкілетті ұйымдардың актілеріне сәйкес электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінде тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді электрондық сатып алуды ұйымдастырады.
Тиісті шешім болған жағдайда Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына және қоғамның орындауы үшін міндетті уәкілетті ұйымдардың актілеріне сәйкес Электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінде баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді электрондық сатып алуды ұйымдастырады.
Тәртіп талаптарына сәйкес бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастырады.
Сатып алынатын тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту мониторингін жүргізеді; ҚР Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамту ұйымдарының бірыңғай есептеу әдістемесіне сәйкес тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамтуды есептеу.
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі шарттарға мониторинг жүргізеді.
Бөлімнің іс қағаздарын жүргізеді.
Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесіндегі міндеттер.
Бөлімнің жауапкершілігі шеңберінде денсаулық сақтау менеджменті жүйесінің, еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету талаптарын қызметке енгізеді.
Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ішкі нормативтік құжаттардың, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың сақталуын қамтамасыз ету;
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту жөнінде шаралар қабылдайды.

Талаптар:

Білімі-жоғары, заңдық және/немесе экономикалық және материалдық-техникалық жабдықтау саласындағы мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.

Қажетті қабілеттер

  • - Коммуникабельность, ответственность, исполнительность, мобильность, организаторские способности.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)