Күрделі құрылыс бөлімі бастығының орынбасары

ЖШС «GPC Investment» Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
416

   Конкурс туралы
Міндеттері:
Құрылыс жоспарларының орындалу барысын, құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемдерінің, мерзімдері мен сапасының сәйкестігін, сондай-ақ қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың, жұмыс сызбаларының, құрылыс нормалары мен қағидаларының, стандарттарының, техникалық шарттарының сапасын бақылайды;
Объектілер құрылысының барысын бақылау бойынша мердігерлік, қосалқы мердігерлік, мамандандырылған ұйымдармен жұмысты жүзеге асырады;
Мердігерлік ұйымдар жеткізетін материалдар мен жабдықтарды жеткізуді қамтамасыз етуді, конструкциялар мен жабдықтарды дайындауға тапсырыстарды уақтылы орналастыруды бақылауды жүзеге асырады; құрылыс барысында туындайтын жобалық шешімдердің өзгерістерін қарауға және келісуге қатысады;
Құрылыс барысында туындайтын жобалық шешімдердің өзгерістерін қарауға және келісуге қатысады;
Мердігерлердің жұмыстарды жүргізу жобаларын, көлік схемаларын, технологиялық карталарды уақтылы және тиісті түрде әзірлеуін, объектілер мен орындалатын жұмыстар бойынша атқарушылық-техникалық құжаттаманы ресімдеуін бақылауды жүзеге асырады;
Техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдармен және олардың өкілдерімен жұмысты, мердігерлік ұйымдардың барлық ескертулерді жоюды және техникалық және авторлық қадағалау талаптарын мүлтіксіз орындауды, жұмыс жүргізу процесінде жіберілген ақауларды жоюды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізеді;
Серіктестіктің басқа бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірлесіп жабдықтарды, материалдар мен жауапты конструкцияларды кіріс бақылауын жүргізу жөніндегі комиссияларға қатысады;
Аяқталған құрылыс-монтаж жұмыстары мен объектілерді техникалық қабылдауды жүзеге асырады, қажетті техникалық құжаттаманы ресімдейді;
Аяқталған құрылыс-монтаждау жұмыстарының есебін жүргізеді және құрылыс жоспарларының орындалуы туралы есептілік жасау үшін қажетті деректерді дайындайды;
Жобалау жөніндегі шарттардың жобаларын, жобалауға арналған техникалық тапсырмаларды, мердігерлік шарттар мен олардың қосымшаларын әзірлеуге қатысады;
Мердігерлерді, қызмет көрсетушілерді таңдау бойынша конкурстар өткізу үшін қажетті техникалық тапсырмаларды, ерекшеліктерді, талаптарды және басқа да құжаттамаларды қалыптастыру, өз бағыттары бойынша шарттар дайындау және жасасу, өз құзыреті шеңберінде жоспарлар, кестелер, есептік құжаттар жасау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
Талаптар:
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік (техникалық) білім (инженер-құрылысшы)
Лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001.07.16 № 242 ҚР Заңы;
"Газ және газбен жабдықтау туралы"ҚР Заңы;
Қазақстан Республикасында құрылыс саласында қолданылатын нормативтік-техникалық құжаттар;
ҚР ҚН 1.02-03-2022 "құрылысқа жобалық құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы";
Шарттар:
Атырау қаласындағы жұмыс орны
Жұмыс кестесі 5/2

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Жобаларды басқару
  • Өндіріс